«Үздік сынып сағатының әзірлемесі» байқауы

03.03.2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жарқайың ауданы бойынша білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері арасында «Үздік сынып сағатының әзірлемесі» тақырыбында сырттай байқау өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыру, тәрбие жұмысының мазмұнын байыту, сондай-ақ оқушылар бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді анықтап, тарату болды.

Байқау қорытындысы бойынша:
"Уәлиханов ауылының ЖОББМ" КММ-нің мұғалімі Перегуда Елена Николаевна 1 орынға ие болды.

Құттықтаймыз! 💐💐💐

Просмотров: 4481


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу