Уәлиханов орта мектебінің
8-11 сынып оқушылар арасындағы мектепішілік
«Тілдарын -2018»
байқауының өткізілгені туралы ақпарат
Қазіргі қазақстандық үшін үш тілді меңгеру - бұл өз игілігінің кепілі.
Н.Ә.Назарбаев
Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі көп тілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан көп тілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін көп тілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көп тілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен
жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көп тілді білім беруді енгізуді талап етеді.
2018 жылдың 2 ақпан күні мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Тілдарыны - 2018" атты 8-11 сынып оқушылар арасындағы байқау өткізілді. Байқау қазақ тілінде және 12 номинациядан тұрады;
1. «Полиглот» – қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздін орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру; Бұл номинацияға 10 «А» сыныбынан Нұржанов Жандос- 10 балл; 11 сынып оқушысы Абжанова Гульдана-13 балдарымен бағаланды.
2. «Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; Бұл номинацияға 10 сынып оқушысы Науқанбай Аруна барлық сұраққа мүдірмей жауап беріп, 10 ұпай жинады.
3. «Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру; 11 сынып оқушысы Нургалиев Арыстан-20 ұпайды жеңіп алды.
4. «Эрудит» - сөзжұмбақты (ребус) шешіп (мақал-мәтел), үш тілде аудармасын беру; Бұл номинацияға 8-9 сынып оқушылары қатысып, жоғарғы ұпай 10-12.
5. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпқа үш тілде диалог құрастыру (8-10 сойлем); 10 сынып оқушысы Носкова Агата-30 ұпай жинады.
6. «Жағымды әңгімелесуші» - өмірбаянын 3 тілде айту (15 сөйлемге дейін); 9 сынып оқушысы Чаус Кирилл- 45 ұпайды жеңіп алды.
7. «Ең үздік мәңерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген тақпақтың үзіндісін оқу; 11 сынып оқушысы Шукало Олег-30 ұпай жинады.
8. «Отанымыздың патриоты» - отаншылдық тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру (жауаптары: даталар) және жауабын 3 тілде айту; бұл номинацияға қатысқан 8 сынып оқушылары 9-10 ұпайдан алған.
9. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау; 10 сынып оқушысы Кенесбаева Ұлпан- 30 ұпайды жеңіп алды.
10. «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру; Бұл номинацияға 8-9-11 сынып оқушылары қатысып, 10-15 ұпай аралығында ғана ұпайлар жинады.
11. «Үздік каллиграфист» - 3 тілде сөздердің әріптерін айқын, көркем, сауатты жазу; 9-сынып оқушысы Сагов Диас қатысып, 30 ұпайды жеңіп алды.
12. «Өнертаным» – 3 тілде берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысқа түсу. Бұл номинацияға 10 сынып оқушысы Жовнерович Ольга қатысып, 15 ұпай жинады.
Мектепішілік «Тіл дарын-2018» байқауынан жеңімпаздар аудан аралық байқауға қатысты.
«Өнертаным» – 3 тілде берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан байқауында10 сынып оқушысы Жовнерович Ольга қатысып, ІІ орынды иеленді.
«Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау байқауында 10 сынып оқушысы Кенесбаева Ұлпан- ІІІ орынға ие болды.
«Ең үздік мәңерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген тақпақтың үзіндісін оқу байқауында 11 сынып оқушысы Шукало Олег өз өнерін көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.