Уәлиханов орта
мектебінің тілдер күніне арналған онкүндік іс-шараларының қорытынды есебі
Биылғы 2017-2018 оқу
жылының Тіл мерекесін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері болды. Басты назар
елбасының тапсырмасы бойынша үштілде оқып, меңгеру мақсаты көзделеді және
онкүндікке оқушыларды белсене қатыстыру. Ана тілімен бірге ұлт өкілдерінің
мәдениеті мен тілі, тарихын терең білуге шаралар жоспарланып, тиімді түрде іске
асырлады.
Онкүндіктің негізіг
мақсаттары:
-оқушылардың тілге деген
құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту,
тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру;
-оқушыларды үштұғырлы тілді
жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту;
-жас жеткіншіктерді өз
елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру.
Тілдер күні мерекесі қарсаңында мектебімізде
іс-шаралар жоспарланған 10 күндік өткізілді. Мереке 11 қыркүйекте 5-7 сынып
оқушылары дайындаған салтанатты жиынымен
ашылды. Оқушылар мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде өлең
шумақтарымен, құттықтаулармен шашу шашаты.
12 қыркүйекте 1-4 сыныптар арасында
қазақ тілі пәні мұғалімдері Серкебаева Г.Р., Асанова Б.Д. «Маленькие знатоки
языков» ителлектуалды ойын өткізді. Оқушылар белсене ат салысып, тілге деген
құрметтерін көрсетті.
13 қыркүйекте «Тіл
аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» пән мұғалімдері Байбостанова А.С., Пачковская
Е.Ю., Байбостанова Д.С. мұғалімдер арасында үштілде дөңгелек үстелөтті.
Мектеп кітапханашысы Е.Е.Каплаух «Тіл – әр халықтың байлығы» атты мектеп кітапханасында тілдер мерекесінің
онкүндігіне орай көрме ұйымдастырды.
14 қыркүйекте орыс тілі пәнінің мұғалімі Д.С.Байбостанова «Керегесі кең байтақ елім» атты
викториналық ойын өткізілді.
15 қыркүйекте ағылшын пәнінің мұғалімдері Е.Ю.Пачковская мен М.С.Оразбекова
«Colours», «Home, sweet home»
ашық сабақтары өтті. Ашық сабақтар өте тартымды, оқушылар белсене қатысып, тілді
жақсы меңгергендерін көрсете білді.
16 қыркүйекте 5-7 сыныптар арасында «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ кепілі» интеллектуалдық ойын және
10-11сыныптар “Мемлекеттік тіл- менің тілім” аттылингвистикалық өзге ұлт оқушылар арасында сайыс өткізді, сайыс 5 бөлімнен құралып,
мемлекеттік тілде оқушылар өздерін таныстырып, мәнерлеп өлеңдер оқып, шағын
әңгімелер жазды. Оқушылар әр номинацияларды иеленіп мақтау қағаздарымен
марапатталды.
19-21 қыркүйек аралығында қазақ тілі мұғалімдері 7-10 сыныптарында «Тіл білудің құпиясы», «Тіл –
халық қазынасы», «Тіл – рухани байлық» атты ашық сабақтар өткізілді. Сабақтар
жаңа бағдарлама бойынша құрылып, оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстар
жүргізілді.
Қыркүйек айының 23 күні онкүндіктің қарсаңында мектебіміздің 5-11 сыныптар
арасында «Ұлттар достығы» фестивалі өтті. Жауатпы мұғалімдер мектебіміздің
тәрбие жұмысының меңгерушісі А.Т.Нурова, М.С. Оразбекова, С.Ж.Калдыбаева қазақ
тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен, әр ұлттың сәлемдесу салты,
тағамымен, өнерімен ерекшеленетінін оқушылар көрсете білді. Бұл іс-шарада
оқушылардың белсенділігімен, жан-жақты дайындығымен ерекшеленді.
Қоғамдық пәндер ӘБ жетекшісі С.Калдыбаева