23.10.2017
19 қазанда аудандық «Менің Қазақстаным» атты Шәмші әндерін орындаушылар байқауына Уәлиханов орта мектебінен «Эстрадалық вокал» номинация бойынша Жовнерович Ольга «Бәрінен де сен сұлу», Шкурупий Ангелина «Сыр сұлу» әндерін орындады. Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған бір ән, орындаушының дауыс ырғағының кеңдігі, ән жанды дауыста айтылуы қажет. Жовнерович Ольга мен Шкурупий Ангелина белсенді қатысқаны үшін мадақтау қағаздарымен марапатталды.
«Хореография» номинация бойынша 7 сынып оқушылары: Калдыбаева Балауса, Турлыбаева Мадина, Мосейчук Елизавета, Герц Валерия Шәмші Қалдаяқовтың «Асыл арман» әніне қойылған биін биледі. Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне қойылған биі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы болуы қажет. Әділқазылардың қорытындысы бойынша біздің биші қыздарымыз 1 дәрежелі марапаттау қағазына ие болды.