10 сынып
I айналым. Жазбаша жұмыс
(Максимальды баға – 30 ұпай, берілген нақты сұрақ 10
ұпаймен бағаланады)
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
2. Ғұндардың Батысқа жорығы.
3. Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Жауптарды сұрақтың негізгі мәні бойынша бер.
II айналым. Тест тапсырмалары
(Әр дұрыс сұраққа – 1 балл)
1. Тас дәуірінің ескерткіші - Жағабұлақ Қазақстанның қай өңірінен табылды?
A) Батыс Қазақстаннан. B) Солтүстік Қазақстаннан. C) Оңтүстік Қазақстаннан.
D) Орталық Қазақстаннан. E) Шығыс Қазақстаннан.
2. Сақтардың мал шаруашылығындағы ең маңыздысы
A) ешкі бағу B) жылқы өсіру C) түйе бағу D) ірі қара мал бағу E) шошқа бағу
3. Б.з.д. ІV ғ. сақтарға қарсы кім жорыққа аттанды?
A) Кир B) Аттила C) Ксеркс D) І-Дарий E) Александр Македонский
4. 1211-1213 ж.ж. Жетісудағы билік найман билеушісі кімнің қолына өтті?
A) Таһир ханның B) Есенбұға ханның C) Күшілік ханның
D) Қасым ханның E) Мұқан қағанның
5. Қазақстанның қай бөлігінде ХІІ ғасырдың ескерткіші Сырлы Там кесенесі сақталған?
A) Сырдарияның төменгі ағысында. B) Тараз маңында.
C) Маңғыстауда. D) Жетісуда. E) Түркістанда.
6. Жібек жолы арқылы кашемир, бояғыш заттар (индиго), экзотикалық жануарлар қайдан тасылды?
A) Араб халифатынан. B) Қытайдан. C) Парсы елінен. D) Үндістаннан. E) Византиядан.
7. Отырар билеушісі Қайыр хан қаланы
A) төрт ай қорғады B) бір ай қорғады C) екі ай қорғады D) жеті ай қорғады E) бес ай қорғады
8. Тарихи деректерде қай мемлекет "маңғыт жұрты" деп аталды?
A) Темір ұрпақтары B) Ақ Орда C) Әбілхайыр хандығы D) Ноғай ордасы E) Моғолстан
9. Қазақ хандығының негізін салушылар:
A) Әбілқайыр мен Барақ. B) Жәңгір мен Тәуке. C) Жәнібек пен Керей.
D) Есім мен Тұрсын. E) Жошы және Шағатай.
10. ХІV-ХV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты:
A) Қарахан кесенесі B) Бабаша-хатун кесенесі
C) Есім кесенесі D) Айша бибі кесенесі E) Ахмет Яссауи кесенесі
11. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген
A) Әбілмәмбет. B) Әбілпайыз. C) Қайып хан. D) Барақ сұлтан. E) Нәдір шах.
12. Халық көтерілісін басқарған Исатай батырдың қайтыс болған жері.
A) Ақсу. B) Ақбұлақ. C) Айнабұлақ. D) Шымбұлақ. E) Жапақ.
13. Жазушы Ф.М.Достоевский Семейде болған кезде достасып, хат арқылы қарым-қатынаста болған қазақтың жас
ғалымы.
A) Алтынсарин. B) Сейдалин. C) Уәлиханов. D) Абылай хан. E) Бабаджан.
14. Х1Хғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші
A) Ықылас.B) Сүйінбай. C) Құрманғазы. D) Шернияз. E) Дина.
15. ІІ Александр "Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын уақытша басқару ережесі" туралы құжатты қашан бекітті?
A) 1868 жылы 21 қазанда. B) 1868 жылы 21 желтоқсанда. C) 1868 жылы 21қарашада. D) 1868 жылы 21 қыркүйекте.
E) 1868 жылы 21 тамызда.
16. Профессор С.Асфендияровтың 1935 жылы жарыққа шыққан еңбегі:
A) "Жұмбақ жалау".
B) "Өмір мен өлім".
C) "Мансапқорлар".
D) "Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы".
E) "Қызыл сұнқарлар".
17. "Қалқаман-Мамыр" поэмасының авторы:
A) С.Дөнентаев. B) Ш.Құдайбердиев. C) С. Торайғыров.
D) Т.Ізтілеуов. E) М.Көбеев.
18. А.Имановтың әскери іс-қимылдар мәселелерін қадағалап отыратын орган:
A) Әскери кеңес.
B) Құрылтай.
C) Жиын.
D) Ақсақалдар кеңесі.
E) Қолбасшылар кеңесі.
19. 1920 жылы Орал майданының жойылуына негіз болған:
A) Ақмоланы алу.
B) Орынборды алу.
C) Гурьевті алу.
D) Верныйды алу.
E) Оралды алу.
20. 1920-1924 ж.ж. Қазақ АКСР-нын астанасы болған қала.
A) Петропавл.
B) Орал.
C) Верный.
D) Орынбор.
E) Қызыл-Орда.