«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Валиханово отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.01.2018

2018 жылдың 11 қаңтар күні Уәлиханов орта мектебінің педагогикалық ұжымы және мектеп қызметкерлері арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, кәсіподақ комитетінің отырысы өткізілді. Кәсіподақ төрайымы Оразбекова М.С. мен тәрбие ісінің меңгерушісі Нурова А.Т. Елбасы жолдауы туралы толық ақпарат беріп өтті. Отырыс соңында мұғалімдер өз пікірлерін айтып шықты.

Орыс тілінің мұғалімі Смаилова С.Т. "Жыл сайын мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын өткізеді. Биылғы жылы да елбасы бізді төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналған Қазақстан халқына жолдауымен қуантты. Өз жолдауында мемлекет басшысы 10 негізгі тапсырманы анықтады, оны жүзеге асыру қажеттігін, сондай-ақ әр тапсырманың мәні туралы түсіндірді. Негізінен өзіміздің қоғамымыздағы, еліміздегі барлық жаһандық мәселелер қозғалды".

  Оқу ісінің меңгерушісі Серкебаева Г.Р. "Біз білім беру саласының қызметкерлері болғандықтан, бізді мына мәселелер толғандырады, бізді не күтіп тұр, елбасы біздің алдымызға қандай тапсырмалар қояды, оны қалай шешеміз және бізге педагогтарға қандай жеңілдіктер береді. Елбасы берілген өз жолдауында 7 тапсырма, еңбек ақыны көтереді және де жалғасын табады, жаңартылған бағдарлама аясында білім алған педагогтардың еңбекақысы расталған біліктілігіне байланысты 30-дан 50 %-ға дейін өседі делінген. Әріптестерімізді қуанышқа бөлеген, мемлекет басшысы денсаулық сақтау зейнеткерлерге, білім беру саласына және педагогтарды қолдау көрсетуді ұмытпайды".

         Елбасыжолдауы педагогтардың алдағы уақыттағы жұмыстарына жаңа серпін, ынта-жігер береді деп ойлаймыз.

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст