«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Валиханово отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.02.2018

Мектебімізде 12 қаңтар күні жыл сайын өткізіліп отыратын «Жарқын болашақ» Х қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағытты байқауды қамтиды.

І.«Тілші-әдебиетшілер» байқауы. Қазақ тілін ана тілі мен шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.

ІІ. «Жазушылар» байқауы. Қазақ тілін ана тілі мен шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

ІІІ. «Жас ғалымдар» байқауы. Қазақ тілін ана тілі мен шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

ІҮ. «Сөз шеберлері» байқауы. Қазақ тілін ана тілі мен шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін сайысы.

Ү. «Әнші-бұлбұлдар» байқауы. Қазақ тілін ана тілі мен шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсету сайысы.

Осы номинацияларға мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлері мен білімдерінен сынға түсті.

 «Тілші-әдебиетшілер» байқауына Мосейчук Е., Егорова Е., - 7 сынып оқушылары, Чаус К.-9 сынып, Носкова А-10 сынып оқушыларға тест сұрақтарына жауап беріп, жоғар ұпай жинаған оқушылар аудандық сайысқа қатысады деп шешілді.

«Жазушылар» байқауына Кенесбаева Ұ.-10 сынып оқушысы берілген тақырып бойынша өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде эссе жазу сайысына қатысты. Бұл сайыста туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады.

«Жас ғалымдар» байқауына Калдыбаева Б.-7 сынып оқушысы «Қымыздың пайдасы» атты өзінің дайындаған ғылыми жобасын қорғады.

«Сөз шеберлері» байқауына Турлыбаева М., Кучеров К., ЧечушковаЮ., Серкибаева Ж.-7 сыныптан, Сағындыков Д.-9 сынып оқушылары бір шығарманы мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып жеңімпаздар аудан аралық байқауға барады.

«Әнші-бұлбұлдар» байқауына 10- сынып оқушысы Жовнерович Ольга «Туған жер» әнін орындады.

Мектепішілік байқаудың жеңімпаздары аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысып, «Жазушылар» байқауына Кенесбаева Ұ.-10 сынып оқушысы 2 орынды, «Жас ғалымдар» байқауына Калдыбаева Б.-7 сынып оқушысы «Қымыздың пайдасы» атты өзінің дайындаған ғылыми жобасымен 3 орындарды иеленді.

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст