Текст
📢📢📢 Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады!
Жыл сайын облыстың су айдындарында суға батқан балалар саны артып келеді. Суға шомылу кезеңінің басынан бері облыстың су айдындарында 6 бала суға кетті.
Құрметті ата-аналар, сақ болыңыз!
Балаларға су қоймаларына өз бетімен баруға және шомылуға рұқсат бермеңіз. Есіңізде болсын, жүзе алмай үрлемелі матраста немесе камерада суда болуға болмайды. Үрлемелі заттармен жүзу өте қауіпті, ал жүзуді білмейтін адам үшін жиі қайғылы жағдаймен аяқталады.
Есіңізде болсын!
Өз балаларына қырағы қарау ғана қиындықты болдырмауға көмектеседі.