Жаз мезгілі тамаша,
Көңілді өтер әр күнің.
Дос болып біз бәріміз,
Ойнаппыз күн батқанша.
Таң атқаннан шығамыз,
Достарменен жиылып,- деп ақын жырлағандай балалардың сағына күткен жазғы демалысқы шығып, Уәлиханов орта мектебінде 1-4 сынып оқушыларына арналған мектеп алаңындағы демалыс лагерінің бірінші кезеңі 01 маусымнан 13 маусым аралығында қашықтан жүргізді. 21 оқушы телефонмен ватсап арқылы таңғы жаттығумен басталып, ойындар ойнатылды. Әр күнде «Ертегілер еліне саяхат» күні оқушылар оқыған ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттерін салып, рөлдерге бөліп оқып, видеомен жіберді. Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар күні оқушылар жаттаған мақал-мәтелдерін видеомен жіберіп отырды. Лагерьдің соңғы күні балалар әндерін айтып, би билеп, домбырамен күйде ойнап, өздерінің өнерлерін ортаға салды.