«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Валиханово отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Все работы хороши,выбирай на вкус!»

04.02.2020

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізілді. Бұл жұмысқа ауылымыздың ардагер мұғалімдері мен белсенді зейнеткерлер қатысып, өз мамандықтары туралы айтып өтті. Осы іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.

      Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру - мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

     Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

     Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.

    Іс-шара аяғында мектеп психологы оқушыларға сауалнама таратып, оның қорытындысын түсіндіріп өтті.

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст