Уәлиханов орта мектебінің тілдер күніне арналған онкүндік іс-шараларының қорытынды есебі
Биылғы 2019-2020 оқу жылының Тіл мерекесін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері болды. Басты назар елбасының тапсырмасы бойынша үштілде оқып, меңгеру мақсаты көзделеді және онкүндікке оқушыларды белсене қатыстыру. Ана тілімен бірге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілі, тарихын терең білуге шаралар жоспарланып, тиімді түрде іске асырылады.
Онкүндіктің негізгі мақсаттары:
-оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру;
-оқушыларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту;
-жас жеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Тілдер күні мерекесі қарсаңында мектебімізде іс-шаралар жоспарланған 10 күндік өткізілді. Мереке 5 қыркүйекте 5-7 сынып оқушылары дайындаған салтанатты жиынымен ашылды. Оқушылар мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде өлең шумақтарымен, құттықтаулармен шашу шашты.
6 қыркүйекте «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» пән мұғалімдері Серкебаева Г.Р., Пачковская Е.Ю., Байбостанова Д.С. арасында үштілде дөңгелек үстел өтті.
9 қыркүйекте 5-9,11 сыныптар арасында Біржан-сал Қожағұлұлының 185 жылдығына арналған «Біржан-сал-өңірдің мақтанышы» атты мектепшілік байқау өтті. Байқаудың мақсаты: өнерлі оқушылардың талабын қолдап, талантын ашу. Байқау 2 бөлімнен тұды: 1) Көркем сөз; 2)Эстрадалық вокал. Оқушылар белсене ат салысты.
Мектеп кітапханашысы Е.Е.Каплаух «Тіл – ұлттың жаны» атты мектеп кітапханасында тілдер мерекесінің онкүндігіне орай көрме ұйымдастырды.
10 қыркүйекте қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері 7-9,11 сынып аралығында «Тіл дарын - 2019» атты байқау өткізілді. Мақсаты: 7-9, 11 сынып оқушылары арасында үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меіңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру деңгейін анықтау. Үштілділікті насихаттау, тілге деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
10 қыркүйекте қазақ тілінен латын графикасына негізделген жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктанттың тақырыбы «2019 jyl – Jastar jyly» деп аталды. Шараның негізгі мақсаты: ҚР азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.
11 қыркүйекте қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Г.Р.Серкебаева, М.С.Оразбекова, Қ.С.Тұяқова «Латын графикасы - болашаққа бағдар» оқушылар мен ұзстаздар арасында ғылыми конференция өтті. Мақсаты: Қазақстанымызда енгізіліп жатқан латын әліпбиін насихаттау болып табылады. Конференция өте тартымды болды, себебі қатысушылар белсене қатысып, латын тілін жақсы меңгергендерін көрсете білді.
13 қыркүйекте 5-9,11 сыныптар арасында «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» атты Фариза Оңғарсыңованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауы өтті. Мақсаты: ақын шығармашылығын насихаттап, поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
интеллектуалдық ойын және 9,11 сыныптар “Мемлекеттік тіл- менің тілім” атты лингвистикалық өзге ұлт оқушылар арасында сайыс өткізді, сайыс 5 бөлімнен құралып, мемлекеттік тілде оқушылар өздерін таныстырып, мәнерлеп өлеңдер оқып, шағын әңгімелер жазды. Оқушылар әр номинацияларды иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
16 қыркүйек қазақ тілі мұғалімдері 1-9,11 сыныптарында «Тіл білудің құпиясы», «Тіл – халық қазынасы», «Тіл – рухани байлық» атты ашық сабақтар өткізілді. Сабақтар жаңа бағдарлама бойынша құрылып, оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстар жүргізілді.
17 қыркүйек «Абай-дана, Абай-дара» сыныптан тыс іс-шара. Оқушылар Абайдың әндерін орындап, өлеңдерін оқыды, өнеге болар қара сөздерін мысалға келтірді. Абай өміріне арналған фильмнен үзінді көрсетілді.
Қыркүйек айының 18 күні онкүндіктің қарсаңында мектебіміздің 5-9, 11 сыныптар арасында «Ұлттар достығы» фестивалі өтті. Жауатпы мұғалімдер мектебіміздің тәрбие жұмысының меңгерушісі Е.Н. Перегуда, С.Ж.Калдыбаева және қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен, әр ұлттың сәлемдесу салты, тағамымен, өнерімен әр ұлт өздерін көрсете білді. Бұл іс-шарада оқушылардың белсенділігімен, жан-жақты дайындығымен ерекшеленді.
Қоғамдық пәндер ӘБ жетекшісі М.Оразбекова