«Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ»
Сең жүредi көктемде астан-кестең,
Ақ атанның бауырын арқан кескен.
Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда
Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Осы Наурыз мерекесін тойлайлауға Уәлиханов орта мектебі «Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ» апталықты өткізу үшін іс-шаралар жоспарын құрды. 13 наурызда Наурыз мерекесін өлең-жырлармен көмкерленген салтанатты жиынннан ашты.
Апталық басталысымен-ақ мектеп кітапханасында «Ата салты ардақты» атты кітап көрмесі, сонымен қатар бастауыш сыныптар арасында «Табиғат наурызымен ажарлы», «Жыл он екі ай», «Наурыз көктем» сурет байқаулары ұйымдастырылды.
«Отбасы алтын діңгек» атты бастауыш сыныптар арасында отбасылық сайыс өтті, сайыстың мақсаты: «Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру»
5-7 сыныптар арасында «Наурыз нұры» атты КВН ұйымдастырылып, сайыста оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мақал-мәтелдер, сұрақтарға жауап беріп, қол күрес ұлттық ойыны ойнатылды.
Бастауыш сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар ұлттық ойындармен кеңірек танысып, қызыға ойнады.
Апталық ішінде әр сынып жетекішілері сыныптарда «Қош келдің, Наурыз» сынып сағаттарын өткізді.
Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасында ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»- деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа,ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»-демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Осы өзіміздің салт-дәстүрімізді келешек жастарымызға насихаттау мақсатында мектепте 8-11 сыныптар арасындағы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Байқауға әр сыныптан 1оқушыдан қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қазақ халқының 6 бөлімнен тұрады, сайысқа қазақ және орыс тілінде оқытылатын оқушылар қатысты.
Апталық соңында мектеп оқушыларымен ұйымдастырылған «Наурыз- думан» атты концерттік іс-шара өткізілді.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
Қоғамдық ӘБ жетекшісі: Калдыбаева С.Ж.