Мектепте «Досболайық» антибуллинг бағдарламасы аясында сынып сағаттар өтті.
28.09.2026
Сабақ барысында оқушылар өздерінің ерекшеліктері туралы әңгімелесіп, бойындағы жақсы қасиеттерін байқауға, өзгелердің ерекшеліктерін құрметтеуге және бір-бірін қандай болса, солай қабылдауға үйренді.
😊 Қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар өз эмоцияларын білдіруге, достасуға, бір-біріне қолдау көрсетуге және әр адамның қайталанбас әрі бағалы тұлға екенін түсінуге дағдыланды.
🤝 Мектепте әрдайым достық, мейірімділік, өзара сыйластық пен қолдау болсын!
Просмотров: 2368