ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ЖАҢАШЫЛ ШЕШІМДЕР СЕМИНАР ПРАКТИКУМына,қош келдіңіздер!

13.02.2026

Бүгін мектебімізде «Инклюзивті білім беру: педагогикалық тәжірибеден инновациялық шешімдерге дейін» тақырыбында «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімдерінің ұйымдастыруымен семинар-практикум өткізілді.
       Іс-шараның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру бағытындағы заманауи тәсілдерді талқылау, педагогтердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыстың тиімді жолдарын қарастыру болды.
       Семинар барысында мұғалімдер инклюзивті оқытудың нормативтік-құқықтық негіздеріне тоқталып, саралап оқыту, жеке білім беру траекториясын құру, тиімді кері байланыс орнату, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, топтық жұмыс, тренинг элементтері және практикалық тапсырмалар  ұйымдастырылды.
      Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға кәсіби серпін берді. Мұндай іс-шаралар педагогтердің біліктілігін арттыруға, инклюзивті білім беру сапасын жақсартуға және әрбір оқушыға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 1592


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу