28.01.2026
23 қаңтар 2026 жылы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Турлыбаева СК мектептің педагогикалық ұжымымен түсіндіру әңгімесін өткізді. Аталған әңгіме профилактикалық сипатта болды және келесі мақсаттарды көздеді:
педагогтердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау бойынша жүйелі профилактикалық жұмысты күшейту;
педагогикалық әдептің білім беру ұйымдары педагогтері басшылыққа алатын жалпы қағидаттар мен нормалардың жиынтығы екендігін өзектендіру;
педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке және Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөліне назар аудару.
Педагогикалық ұжым Ақмола облысы Білім басқармасының хатымен таныстырылды. Сонымен қатар Педагогикалық әдеп қағидалары педагогтерге қол қойдыру арқылы тағы бір мәрте түсіндірілді.
Сондай-ақ Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді, онда Ақмола облысы Білім басқармасының хаты талқыланып, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің міндеттері мен функциялары өзектендірілді.