Жарқайың ауданының мұғалімдері Көкшетауда өткен алғашқы Педагогтар саммитіне қатысты
2024 жылғы 20-21 қарашада Көкшетау қаласында білім беру саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен алғашқы Педагогтар саммиті өтті. Осы маңызды іс-шараға Жарқайың ауданының бес мұғалімі қатысты:
1. Оспанова Любовь Владимировна (Тасты-Талдин орта мектебі), оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші.
2. Магизамов Торемурат Серикович (Октябрьдің 50 жылдығы атындағы ЖОББМ), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
3. Маркова Наталья Сергеевна (Гастелло орта мектебі), бастауыш сынып мұғалімі.
4. Черевко Наталья Ивановна (Валиханов орта мектебі), бастауыш сынып мұғалімі.
5. Первушкина Галина Васильевна (Пригород орта мектебі), бастауыш сынып мұғалімі.
Саммиттің мақсаты — педагогикалық шеберлікті дамыту, тәжірибе алмасу және білім беру саласына инновациялық әдістерді енгізу.
Бағдарлама пленарлық отырыстарды, мастер-кластар мен тренингтерді қамтыды. Мұғалімдер қазіргі заманғы білім беру тәжірибелерімен, оқытудың технологияларын қолдану және үйлесімді оқу ортасын құру әдістерімен танысты.
Бұл маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін білім басқармасына алғысымызды білдіреміз.