«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Валиханово отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық форум " Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері "

08.11.2024

31.10-01.11 күндер аралығында Ақмола облысының математик мұғалімдер делегациясы Талдықорған қаласына республикалық " Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері " атты форумға қатысып қайттым. Форум Талдықорған қаласында оқушылар сарайында пленарлық отырыс және секциялық жұмыс болып екі күнге бөлініп өтті. 1-ші күні пленарлық отырыста Жетісу облыстық білім басшысы , Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім мазмұны институтының жетекшіғылыми қызметкері Жумагулова Зауре Абдыкеновна , І.Жансүгіров атындағы Жетісу үниверситеті КеАҚ педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сеитова Сабыркуль Макашевна, "ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы, "Алтын Сақа" олимпиадасының негізін қалаушылардың бірі Ырысбек Мәуіт сөз сөйледі, керемет ойларымен бөлісті. Форум бағдарламасы өте ауқымды, тартымды болды. Форум барысында Қазақстанның барлық өңірінен келген мұғалімдер республикамыздың президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың елі Үштөбеге барып,сол кісінің жүріп өткен жолын араладық, осы кісінің атындағы мектепте болдым. Секциялық отырыста еліміздің әр өңірінен келген әріптестер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Форум өте керемет өтті. Форумды ұйымдастырған Жетісу өңірінің Білім бөлімі қызметкерлеріне өз атымнан денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріңіз еленіп, амандықта жүре беріңіздер, Жетісу жері көркейе берсін дегім келеді.

Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәннің мұлімі Серкебаева Акмаржан Сартаевна..

Просмотров: 113

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст