«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Валиханово отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Уәлиханов орта мектебінің тілдер күніне арналған іс-шаралары

Уәлиханов орта мектебінің тілдер күніне арналған іс-шаралары

 

              Биылғы 2022-2023 оқу жылының Тіл мерекесін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері болды. Басты назар елбасының тапсырмасы бойынша үштілде оқып, меңгеру мақсаты көзделеді және онкүндікке оқушыларды белсене қатыстыру. Ана тілімен бірге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілі, тарихын терең білуге шаралар жоспарланып, тиімді түрде іске асырлады.

            Негізгі мақсаттары:

            -оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру;

            -оқушыларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту;

           -жас жеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.     

19 қыркүйекте  1-4 сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалім Калдыбаева С.Ж. «Ана тілім- мерейім» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар белсене ат салысып, тілге деген құрметтерін көрсетті.

Мектеп кітапханашысы Е.Е.Каплаух «Тіл – әр халықтың байлығы» атты мектеп кітапханасында тілдер мерекесінің онкүндігіне орай көрме ұйымдастырды.

Қыркүйек айының 23 күні онкүндіктің қарсаңында мектебіміздің 1-11 сыныптар арасында «Ұлттар достығы» фестивалі өтті. Әр ұлттың сәлемдесу салты, тағамымен, өнерімен ерекшеленетінін оқушылар көрсете білді. Бұл іс-шарада оқушылардың белсенділігімен, жан-жақты дайындығымен ерекшеленді.

                                                          

                                                Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Калдыбаева

Жаңартылған күні: 02.10.2022 16:56
Құрылған күні: 02.10.2022 16:56

Текст